BANNER

Жасанды интеллекттің әсері

Сурет: pixabay.com

Жасанды интеллект (ЖИ) біздің өміріміздің көптеген аспектілерін өзгертті. Қазіргі уақытта ол керемет жылдамдықпен дамуда. Алдағы онжылдықтарда AI күнделікті өмірімізден бастап жаһандық экономикаға дейін бәрін өзгертеді деген болжам бар. 

"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференцияда Джон Маккарти қолданған. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. 

Жасанды интеллект (ЖИ) соңғы онжылдықтарда көптеген жетістіктерге жетті, ол әртүрлі салаларға айтарлықтай әсер етті. Бүгінгі күн ЖИ әртүрлі салаларда қолданылады: денсаулық сақтау, қаржы, көлік, өндіріс және тағы басқа. Машиналық оқыту жүйелері мен нейрондық желілер үлкен көлемдегі деректерді талдауға және жоғары дәлдікпен шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, медицинада ЖИ ауруларды ерте кезеңде диагностикалауға, қаржы секторында – тәуекелдерді бағалауға және алаяқтықтың алдын алуға, ал көлікте – автономды көліктерді басқаруға көмектеседі.

Жаңа технологиялар өзімен бірге заманауи қоғам үшін көптеген мүмкіндіктер әкелгенімен, оның да бірқатар кемшіліктері бар. 2024 жылы жасанды интеллект технологиялары тудыратын ең үлкен қауіп – жұмыссыздықтың өсуі. Миллиондаған мамандар жұмыссыз қалады, себебі олардың орнын автоматтандырылған жүйелер мен роботтар басады. Сонымен қатар, адамның ақыл-ой қабілеттері төмендеуі мүмкін. Әртүрлі технологиялардың көмегімен адамға өзінің ойлау қабілетін пайдаланудың қажеті болмайды және жасанды интеллектке тәуелділік басталады. ЖИ мүмкіндіктерін адамзаттың бәріне пайдалы ету үшін қолдану керек. Ал, ол үшін тәуекелдің алдын алу қажет.

Бүгінгі таңда жасанды интеллекттің жарқын болашағы бар. Жасанды интеллект жай ғана технология емес, ол біздің әлемді өзгерте алатын құрал. Біз оны жауапкершілікпен және бүкіл адамзаттың игілігі үшін пайдалануымыз маңызды.

 

                                                                                                                             

Анелия НУРУМБЕТ,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті филология факультетінің ІІ курс студенті.