Бүгін алғашқы қазақ кинотанушысы, сценарист Қабыш Сирановтың туғанына 110 жыл, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Ол «Мосфильм» киностудиясында сценарист болып жұмыс істеді. Оның алғашқы үлкен жетістігі Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинградты ерлікпен қорғау баяндалған «Герои штурмуют высоты» фильмінің сценариі болды.
Сондай-ақ, «Отцы и дети», «Тихий Дон», «Александр Невский» және т.б. фильмдердің сценарилерін жазды.
Бұдан бөлек ол өзінің тәжірибесі мен білімін жас кинорежиссерлер мен өнертанушыларға жеткізу үшін жоғары оқу орындарында сабақ берді.