BANNER

Ерке Есмахан оқырмандарына рахмет айтты

Ерке Есмаханның инстаграм парақшасынан

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің өмірлік жары RAIM-ның концертінен кейін оқырмандарына арнап жүрек жарды жазба жариялады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

« Мен не байқадым? Кеше ерінбей барлық жерде жазылып жатқан концерт туралы пікірлерді бір шолып, оқып шығуға тырыстым. Концертті тек « жақсы өтті» деп қоймай, «жаңа уровень»  деген сөзді халық көп жазыпты риза болдым жолдасым үшін. Еңбегі ақталды, мақсаты орындалды. Шүкір!», - деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасында.

1

Жұлдыз үшін оған ұнағаны концерт туралы пікірлер ғана емес, сүйікті оқырмандарының RAIM және ЕРКЕ жұбын бұрыннан да қатты жақсы көріп бастағандары екен.

«Бірақ, байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымызды, жанұямызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі мен ақылдылығы ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты.

Бұрынғыдай жаман пікір, хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, батасын беріп жатқандар өте көп», - дейді Ерке Есмахан.

Бірақ, әнші әлеу желіде әлі күнге дейін жаман пікір жазатын адамдардың барын да жасырмады.

«Дегенмен, арасынан табылады: өз өмірлеріне өкпелі, ауыр-ауыр сөздер жазып отыратындар немесе жеңіл мазаққа жақын адамдар. Бір жаман пікірге бізді жақтап он жауап қайтарып отыратын жанашырларымыз да көп екен. Өз көзіммен оқып, көріп кәдімгідей гүл-гүл жайнап отыр ішім.

Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын нәрсеге уақыт құртпаңыздар. Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай, өздеріңіздің бақыт, тынштық, махаббаттарыңыз үшін күресіңіздер. Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар. Мен де бәріне бірден қол жеткізген жоқпын. Мен сіздерге живой примермін. Құшақтадым», - дейді әнші.