24 қазан – кітапханашылар күні. Бүгін мәдениет басқармасының өкілдері қарағандылық кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
– Бұл мереке кітап жақсы көретін, одан білім алып, оң бағдар іздейтіндердің барлығына қатысты, – деп атап өтті мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Анар Есмағанбетова. – Биыл Н. В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 90 жылдығын атап өтті, ал Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға 55 жыл. Бүгінгі өмірде кітапхана ісі сияқты салада да коммерциялық пайда туралы көп айтылады. Бірақ біздің облыстың кітапханалары үшін адамгершілік принциптері негізгі болып қала береді.
Облыс кітапханашылары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Қазақстан кітапханалық одағы мен кәсіподақтың құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
"Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісі Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының Құжаттамалық қамтамасыз ету, каталогтарды өңдеу және ұйымдастыру бөлімінің кітапханашысы Мақпал Көпбаеваға табысталды.
"Еңбек Даңқы" Құрмет белгісін Н. В. Гоголь атындағы кітапхана басшысының орынбасары Гаухар Үмбединова,
Шет ауданы облыстық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографиялық бөлімінің бас маманы – деректер базасының әкімшісі Сәуле Әлімқұлова,
Ботақора ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бақыт Сахимова алды.
"Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің үздік кітапханасы" номинациясында Саран ОКЖ жеңіске жетті, ал Абай ауданының орталық кітапханасы "Ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің үздік кітапханасы" номинациясына ие болды.
Кәсіби әртістер кітапхана қызметкерлерін музыкалық нөмірлерімен құттықтады. Кітапханашылардың өздері де өлеңдер оқып, ән орындап, театрландырылған қойылымдар ұсынып, қнерлерін ортаға салды.