BANNER

Қарағанды облысында жоғалған азаматты іздеу жалғасуда: ұшқышсыз ұшатын аппараты қолданылуда

Life09

Осакаров ауданында Ақпан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде «Найдоровское» ЖШС станциясында жоғалып кеткен 1960 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда. Мәліметтерге сәйкес, ер адам ағымдағы жылдың 26 маусымында таңертең жұмыстан оралмаған.
Іздеу жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қазіргі уақытта ұшқышсыз ұшатын аппараты (XC-25 маркалы ұшқышсыз ұшу аппараты) қолданылуда. Бұл техникалық құрал жету қиын жерлерді зерттеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және жердегі жағдайды жылдам бағалауға мүмкіндік береді.