Қазақстан мен Өзбекстан басшылары шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, энергетикалық, аграрлық, су, мәдени-гуманитарлық салалардағы және өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Бұған қоса, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін жылы қарсы алып, оның сапары ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға одан әрі серпін беру тұрғысынан зор маңызға ие екенін атап өтті.
«Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек», – деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды:
«Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді», – деді Шавкат Мирзиёев.
«Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды», – делінген баспасөз қызметінде.
Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі сапардың тарихи маңызы бар. Біздің кездесуіміз екі халық арасындағы достық пен тату көршіліктің ғасырлар бойғы байланыстарын одан әрі нығайтады, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын жаңа деңгейге көтереді», – деп атап өтті Өзбекстан президенті.