Қазақстандағы әскери қорғанысқа бөлінетін қаражат көлемі ең кедей елдердің көрсеткішімен бірдей. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының мәліметтері бойынша, мемлекеттің өз әскеріне және сыртқы қауіптерден қорғау бағыты бойынша жұмсайтын қаражаты Қазақстанда төртінші жыл қатарынан азайып кеткен.
Қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша Қазақстан экономикалық дамыған мемлекеттер мен әскери күші жоғары елдерден алыста тұр.
Ал ешқандай соғыс қаупі жоқ дамыған елдердің көрсеткіштері бірнеше есеге көп.
АҚШ- 831,8 миллиард доллар;
Қытай - 227 миллиард доллар;
Ресейдің - 109 миллиард АҚШ долларын әскери қорғанысқа жұмсаған.
Ал Қазақстан өз қорғанысы саласына 7,5 миллиард АҚШ долларын бөлген.