Қалалық қоғамдық көлік автобустары 31 желтоқсан жұмыс күннің кестесі бойынша – 20:00-ге дейін жүретін болады (бұл уақытта соңғы пункттерде рейстер аяқталады), деп хабарлайды Қарағанды әкімдігі.
2025 жылдың 1 қаңтарында автобустар сағат 10:00-де желіге шығады және қысқартылған режимде жұмыс істейді, яғни рейстер арасындағы аралықтар артады.
2 және 3 қаңтарда көлік қысқартылған кесте бойынша – демалыс күндерінің кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.
4 қаңтарда автобустар маршруттарға толық құрамда шығады және демалыс кестесі бойынша жүреді.
5 қаңтардан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.