Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды. Енді елордалық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды хабарлайды.
Қазір елордада 6 ардагер тұрады. Олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төлеақы беріледі.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге (ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) де жеңілдіктер қарастырылған. Олар:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер;
Фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар;
Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар;
Концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;
Әскери қызметшілер;
Жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар;
Мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген адамдар.
Аталған азаматтарға 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде төлемақы беріледі.
“Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери қимылдардың ардагерлерінен басқа) (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан) 45 АЕК (176 940 теңге) төленеді”, – деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігі.
Сондай-ақ, “Ардагерлер туралы" Заңда көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлемақы беріледі.