BANNER

Атыраулық әйел депутат күйеуінен зәбір көргенін айтып, президенттен көмек сұрады

STAN.KZ

Нұржамал Тәжғалиеваның айтуынша, депутат күйеуі Айбар Ерекешов 12 жыл қорлық көрсетіп, соққыға жыққан. Тіпті төрт баласына алимент төлеуден де жалтарған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"2018 жылы баламды емізіп жатқанда, ұялы телефонмен басымды жарып жіберді. Ал 2023 жылы 120 келі салмағымен үстіме отырып ұрып соқты", – деді әйел.

1

Әйел бірнеше рет полицияға арыз жазған. Бірақ күйеуі мен ата-анасының қысымынан соң қайтарып алған. Себебі ер адам түзелуге уәде беріпті. Ажырасқан соң депутат әке алимент төлемей, 6 миллион теңгеге жуық қарыз болған. Ал полиция оның барлық әрекетін жасырып отыр екен.

Дегенмен облыстық полиция аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.