Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының "Эдельвейс" үлгілі хореографиялық ансамблінің аға тобы халықаралық байқауда екі Гран-при жеңіп алды.
Астанада GULNAR FEST көп жанрлы халықаралық байқауы өтті. Оған хореографиялық ансамбльдер, әншілер, музыканттар, спикерлер мен гимнасттар қатысты.
Би бағдарламасымен Бұқар Жырау ауданынан үлгілі "Эдельвейс" хореографиялық ансамблінің аға тобы өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ұжым бірден екі Гран-при жеңіп алды: "Кербез гүлдер" және "Девичьи страдания" билері үшін. Бұл қазіргі заманғы сахнаға бейімделген ұлттық билер.
Айта кетсек, ансамбльге марапат қазылар алқасының да, көрермендердің де шешімімен берілді.