Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Парижде Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларына қолдау көрсетіп жүр.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы онымен түскен суретін жариялады.
2018 жылдан бері федерацияның президенті қызметін атқарып жүрген Ахметов команданың әрбір мүшесінің маңыздылығына тоқталып, федерацияның спортшыларды дайындау үшін барлық жағдайды жасауға дайын екеніне сендірді.
Айта кетейік, әзірге қазақстандық спортшылар жүлде алмағанымен, Нора Жеруто Олимпиада ойындарының финалына шықты. Ахметов 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен кеткеннен бері саяси сахнада көрінген жоқ.