Балқашта спорт әуесқойлары үшін CupRum Run жарысы өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық жүгіруші келіп өзара бақ сынасты.
Атақты боксшы Василий Жиров жарыстың қонағы болды.
Спорттық мерекені екінші жыл қатарынан "Kazakhmys Smelting" компаниясы өткізеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы жарысқа қатысқандар саны екі есе көп болды.
Спорт сүйер қауым Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз қалаларынан келді. Тіпті Финляндиядан келген қатысушы болды.
Жарыс бағдарламасында екі қашықтық болды: ерлер мен әйелдер үшін 5 және 10 км (жасы 18–39, 40–50, 50+).
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 шақырымдық жүгіру де қосылды.
Тіркелген жүгірушілерге брендтік рюкзак, футболка және чип нөмірі берілді. Қашықтықта ауыз су пункттері болды.
Бірінші болып мәреге жеткендерге арнайы жүлделер табысталды.
Барлық басқа қатысушылар медальдармен марапатталды.