BANNER

Қарағандылық каратэшілер ел қоржынына ең көп медаль әкелді

Қарағанды облысының әкімдігі

Астанада киокушинкай каратэден бірден екі ірі халықаралық турнир өтті: ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты және балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Ең мықтылардың қатарында қарағандылық каратэшілер болды. Қарағанды облысының құрамасы ең көп медальдарды жеңіп алды: 11 алтын, 11 күміс және 15 қола.

Жақын және алыс 22 елден– Қазақстан, Жапония, Ресей, Румыния, Индонезия, Иран, Кувейт, Ливан, Сирия, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Иордания, Палестина, Ауғанстан, Ирак, Египет, Үндістаннан спортшылар қатысты. 

Медаль үшін шайқас Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының үш татамиінде өтті.

– Біз өте жақсы дайындалдық. Төрт оқу – жаттығу жиыны өтті, оның үшеуі Алматы тауларында, ал қысқы жиыны Астанада өтті. Қарағандылықтар тамаша нәтиже көрсетіп, ел құрамасының қоржынына алтын медальдың зор үлесін қосты. Нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Біздің спортшылар Жапония, Ресейден әлем чемпиондарын жеңе алды. Медальдық сынақ бойынша Қарағанды облысының құрамасы жаңа тарихи рекорд орнатты! – дейді "кекушинкай каратэ Бүкілқазақстандық ұйымы" РҚБ Қарағанды филиалының директоры Тимур Райымбеков.

Азия чемпиондары: Тимур Райымбеков, Алексей Бай, Сабина Жәмиленова, Владимир Гриневецкий, Станислав Полудинский, Аурика Китик. "Ката" санатындағы алтын медальді Анель Қаманбек жеңіп алды. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Диана Есжанова, Артем Редин, Мансұр Нығматуллин және Полина Зималева жеңіске жетті.

Азия чемпионатының үздік спортшылары күзде Австралияда өтетін Әлем Кубогына жолдама алды.