BANNER

"Тағы да күресемін!" Абиба Әбужақынова алдағы жоспарын айтты

olympic.kz

"Бұл Олимпиадаға толық дайын едім негізі, себебі барлық жарыстан жүлде алып келген спортшы едім. Барлық Қазақстан сенді, бірақ медальге бір қадам қалғанда жеңіліп қалдым. Бұйырмады, келесі Олимпиадада да күрессін, тастамасын деп тұрған сияқты. Тағы да күресемін. Үшінші орынға белдескен қыздан бір жеңіліп, бір жеңгенмін. Сондай бір ыңғайсыз қарсылас болды. Кездесудің ортасында тіземді ауыртып алдым. Барлық қарсылыас бірдей, дұрыс қалыпқа келмедім. Бірақ көп тәжірибе жинадым. Қазақ халқының қолдауын әлі күнге дейін сезініп келемін. Қанша жерге шақырып жатыр, бәріне көп рақмет!" - деді Әбиба Абужақынова.