BANNER

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы желіде қудалауға тап болғаны үшін прокуратураға шағым түсірді

Спорт сайтынан

Олимпиадада алтын медальға ие болған Алжир спортшысы Иман Хелиф Париж прокуратурасынан өзінің желіде қудалауға тап болғанына қатысты тергеу жұмыстарын бастауды талап етті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі AFP басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Боксшы Иман Хелиф әділдік, абыройы мен намысы үшін күреспек. Тергеуден кейін бұл мизогинистік, нәсілшіл және сексистік кампанияның артында кім тұрғанын анықтаймыз”, – деп жазды спортшының адвокаты Набиля Буди.