Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда 14 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының батысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алаколь көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.