BANNER

15 шілдеден бастап бизнес-гранттар алуға екінші лек бойынша өтінімдерді қабылдау басталады

Pixaboy

Business.enbek.kz порталында 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге). Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Өтініш беру үшін сізге:

- порталда тіркелу;

- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

- бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;

- өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Бизнес грантына кім ие бола алады:

- тіркелген жұмыссыздар;

- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

- мүгедектігі бар адамдар;

- "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;

- өңіраралық қоныс аударушылар;

- аз қамтылған отбасы мүшелері;

- көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.

Екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді.