BANNER

9 жасар бала тоққа түсіп қалды

STAN.KZ

Оқиға Оралда көпқабатты үйдің ауласында болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымға оратылып қалған. Жасөспірім оны алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Дәл сол жерде тоққа түскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір баланың жағдайы ауыр. Ол механикалық желдету аппаратында жатыр. Дененің күйіктері – 95%, төртінші дәрежелі күйік.

Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.