Өздеріңізге мәлім, АЭС бойынша Референдум Қазақстанда 6 қазанда өтеді. Атом электр станциялары тарихын зерттесек, алғашқы атом электр станциясы 1950 жылдары жұмыс істей бастаған. Сол уақыттан бері әлем, атом энергетикасын энергия көзі ретінде қарастыруда екіге бөлінді.
Ғасырлар бойы дүние жүзіндегі экономикаларды индустрияландыру көмір, табиғи газ және мұнай сияқты қазба отындарының арқасында мүмкін еді. Тек соңғы жылдары елдер күн және жел энергиясы сияқты баламалы, жаңартылатын көздерге жол ашты. 1950 жылдары әлемнің көптеген елдеріне мұнай мен газ импортына тәуелділікке балама және қазба отындарына қарағанда әлдеқайда аз ластайтын энергия көзін ұсына отырып, алғашқы коммерциялық атом электр станциялары жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта қолымызда бар барлық энергетикалық баламалармен салыстырғанда, көптеген сарапшылар атом энергиясы шынымен де ең таза көздердің бірі деп санайды. Соңғы уақытта, Еуропалық Комиссия атом энергетикасына қатысты нақты ұстанымға ие болып, оны экологиялық тұрақты, экономикалық қызмет түрлерінің тізімін белгілейтін жіктеу жүйесінде «Жасыл энергия көзі» деп атады. Атом энергиясы таза және оны өндіруде шығарындылар болмауы мүмкін болса да, сарапшылар бұл энергияның жасырын қауіптілігін атап көрсетеді. Яғни, ол – ядролық қалдықтар. Ядролық реакторлардың жоғары радиоактивті және улы жанама өнімі ондаған мың жылдар бойы радиоактивті күйінде қалуы мүмкін. Дегенмен, бұл әлі де климаттың өзгеруіне қарағанда әлдеқайда оңай шешілетін экологиялық мәселе. Мұның басты себебі «атом энергиясын өндіру нәтижесінде пайда болатын ядролық қалдықтардың 90%-ын қайта өңдеуге болады» дейді мамандар. Бұл мәселеге қатысты көпшілікте қорқыныш бар. Осы арада кәсіби мамандар өз ойларын халыққа жеткізу керек деп ойлаймын. Қарапайым халық АЭС жұмысын жіті біле бермейді. Сондықтан кәсіпқойлардың дауысы өте маңызды. Өз басыма келсем, әлі де бұл сұрақ зерттелу қажет деп ойлаймын. Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданатынын көріп отырмыз. Бұл жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуы. Сол себепті әрбір азаматты осы мәселені зерттеп, 6 қарашада өз дауысын беруге шақырамын.
Әйгерім ЖЕТПІСОВА,
Қарағанды технология және сервис колледжінің педагог-психологі.