BANNER

Ақмола облысында жұмысшы топырақ астында көз жұмды

Фото: orda.kz

Бұланды ауданында қайғылы оқиға болды. Су құбырларын жүргізу кезінде Алматы облысынан келген 41 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Қайғылы жағдай Макинск қаласында су құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болды. 3,1 миллиард теңгеге жасалған тендерді Түркістан облысының компаниясы жеңіп алған, ал қайтыс болған адам мердігер ұйымның қызметкері болып жұмыс істеген. Жобаны екі жылда аяқтау жоспарлануда.

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, еңбек инспекторы тексеру жүргізуде.