BANNER

Алаяқтар қазақстандықтарға 44 млн рет қоңырау шалған

Сурет: pixabay.com

Жыл басынан бері үш мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі анықталды. Алаяқтар әрекетінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

"Биыл бір мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу маңызды. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу керек. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұраңыздар", - деді спикер.

Алаяқтар азаматтарға 44 млн рет қоңырау шалған. Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Байланыс операторлары 44 миллионнан астам осындай қоңырауды тоқтатты.

"Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін алаяқтар азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады", - деді ведомство өкілі.