Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге қатысты түпікілікті шешім қабылданды. Ол енді өмірінің соңына дейін жаттықтырушы бола алмайды.
Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтың допингпен ұстауы себеп болды. ITA шешімі түпкілікті қабылданды.
Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.