BANNER

Атырау облысында қарақұрттан 63 түйе өліп қалды

Фото: globallookpress.com

Атырау облысында қарақұрт шаққан малдың қырылуы жалғасуда, өлген малдың өтемақысы бюджетте қарастырылмайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарында 397-ге жуық түйе зардап шекті. Оның 217-сі емделді, 117-сі емделуде, 63-і қырылды.

«Ауру малдың дене қызуы көтеріліп, иммунитеті төмендеп, қаны сұйылады. 217 түйе емделсе, қалғандары қарауда. Ауру және өлген жануарлардан сынамалар алынып, ветеринарлық зертханаға жіберілді» деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Мал иелеріне қарақұрт мекендейтін жерлерде мал бағуға болмайтыны ескертілді. Ауру мал туралы дереу хабарлап, барлық күтім ережелерін сақтау қажет.