Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасына тікелей эфирге шығып, көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Аймақ басшысы өз кезегінде ауыл азаматтарының денсаулығына көңіл бөлу керек екенін атап өтті.
«Оның ішінде ең үлкен мәселелердің бірі фельдшерлік-акушерлік пункттер салу. 70 бекет салу жоспарлануда. Былтыр 14-інің құрылысы аяқталды. Ауылдарға мамандарды тарту үшін Қарағанды облысында жас ауыл дәрігерлері үшін 8 млн. теңгеге дейін өтемақы қарастырылып отыр», - деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Ауыл азаматтарының денсаулығына көңіл бөлу керек - Ермағанбет Бөлекпаев
Pixaboy