Бүгін – «Шаңырақ» (отбасылық құндылықтар) күні. Осы мақсатта Балқаштағы қалалық мұражайда арнайы мерекелік шара өтті.
Мұражай ұжымы атаулы күнге орай көпшілік назарына киіз үй түрлерін ұсынған. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Біз шаңырақты аспан күмбезі, үй-жай, тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы деп түйсінеміз. Сонымен қатар, шаңырақты отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы деп білеміз. Осы бір рухани мұрамызды келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында мұражай қызметкерлері әр киіз үйге тоқталып, таныстырды. Сонымен қатар, ер азаматтар киетін киім түрлерін де арнайы видео ролик арқылы көпшілік назарына ұсынды.
Ербол ЕРБОЛАТ