BANNER

«Бір күн ішінде кешірім сұрасын»: Айтбек Амангелді экс-министрге талап қойды

Фото: orda.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы Мәдениет және ақпарат экс-министрі, Қазақстан Халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаевтан 24 сағат ішінде кешірім сұрауды талап етті,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы ол instagram парақшасында жариялады.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қазақстан Халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өзінің Youtube каналында «Айтбек Амангелдінің үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін іс қозғалды» деді. 

Алайда, Айтбек Амангелді ІІМ мен оның Астанадағы комитетіне сотқа дейінгі материалдарды сұрап хабарласқанда 10 маусымға дейін ондай деректер түспегенін анықтаған.

«Мүмкін сіздер үшін Ертісбаевтың өтірікші екені жаңалық емес шығар. Оның Youtube каналынан мен туралы жалған ақпарат таратып, үстімнен іс қозғалғаны жайлы айтқанын көрген шығарсыздар? 
Мен Ішкі істер министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен өзіме қатысты сотқа дейінгі материалдарды сұрастырдым. Маған қатысты ешқандай іс қозғалмағанын білдім.
Автоматтандырылған жүйе берген ақпаратқа сүйенсек, 10 маусымға дейін «Арнайы есепке алатын» деректер арасында маған қатысты ондай ақпарат жоқ.
 Ертісбаевтан жалған ақпарат таратқаны үшін көпшілік алдында, жария түрде кешірім сұрауын талап етемін. Әйтпесе, оның бұл әрекетіне қарсы ар-намысты қорғау туралы іс қозғалатын болады. Сондай-ақ, полицияға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес «көрінеу жалған ақпарат тарату» туралы арыз жіберілетін болады. (2-бөлім 3-тармақша бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып)
Сонымен қатар, моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы талап етіледі. Енді келесі кезек Ертісбаевтың еншісінде. Мен оның көпшілік алдында ке  24 сағат ішінде кешірім сұрағанын күтемін. Ізгі тілекпен, Айтбек» деп аяқтады жазбасын Айтбек Амангелді.