BANNER

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін

Сурет: pixabay.com

Елімізде болашақ мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін. Осы бағыттағы қаулы жобасын ғылым және жоғарғы білім министрлігі қоғам талқысына шығарды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқушылардың зейінін ашып, науқастарды емдейтіндер алдымен өзі білімді болуы керек. Сондықтан оларға қашықтан оқуға тыйым салынбақшы. Онлайн оқуға тек төтенше жағдайларда немесе карантин уақытында ғана жіберу қарастырылған. Құжатта бұл нормалар білім беру бағытындағы заңға өзгертулерді іске асыру бағытында жасалып жатқаны айтылған.

Балалар қауіпсіздігі, тәлімгерлік және білім берудегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Мемлекет басшысы 23 ақпанда қол қойды. Заң аясында жетім балаларға тәлімгер институтын құру мен балалар қауіпсіздігіне арналған нормалар бар. Осыған сәйкес енді оқуышылардың сабақта смартфон қолдануына да тыйым салынады.