BANNER

Елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

Фото: unsplash.com

Алдағы күндері Қазақстанда күннің қызуы 46 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 25-26 маусым аралығында елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. Соның өзінде ыстық 35-38 градусқа дейін барады. Ал оңтүстікте одан әлдеқайда жоғарылайды. Мұның себебі алдағы күндері Иран аймағынан Қазақстанға жылы ауа массалары ене бастайды. 

– Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 27 маусымда республиканың солтүстігіне аптап ыстық болжанады.

Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35-38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40-46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар 26-27 маусымда Ақмола және Павлодар облыстарында қатты ыстық күтіледі, – деді «Қазгидромет» РГП инженер-синоптигі Алтынзер Есбусинова.