BANNER

Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

Pixabay

 

Тағы бір петиция E-Petition.kz порталында 50 мың қол жинады. Мұны мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайтта жарияланған "Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз" петициясына 50 мың қол жиналды. Енді бұл өтініш үкіметте қаралады.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады.Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады.  Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады", – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін атап өтті.