BANNER

Елімізде оң жақ рөлді такси көліктеріне жұмыс істеуге болмайды

pixabay.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлік министрінің арнайы бұйрығы бар екенін еске салды. Яғни, рөлі оң жақта орналасқан көліктермен жолаушыларды тасымалдауға болмайды. Алайда көп жағдайда оларды жауапқа тарту қиын.

«Оларды полиция тоқтатқанда салондағы адамдар туыстарым немесе достарым дей салады, «тойға бара жатыр» дейді. Ол адамдар да үндемей отырады. Біз ондай көліктердің адам тасымалдаумен айналысып жүргенін білеміз, бірақ жауапқа тарта алмай жатамыз», – дейді Лепеха.