BANNER

Эндаумент қорлар өз қызметі туралы ақпаратты ашуға міндетті болады

ortcom_kz

Эндаумент қорлар ашықтық пен есеп беру қағидаттарымен жұмыс істейді. Осыған байланысты заңнамада ақпаратты ашуға міндетті талаптар көзделген. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі директорының орынбасары Алмабек Жанбеков мәлімдеді.

«Эндаумент қоры өзінің экономикалық-құқықтық табиғаты бойынша капиталды сенімгерлік басқару тетігі болып табылады. Басқарушы компания (фидуциарий) қордың атынан қаражатты сақтау және кейіннен мәлімделген мақсаттарды қаржыландыру үшін көбейту мақсатында басқара отырып әрекет етеді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, эндаумент қорлары институтын құру ұзақ уақыт бойы капиталды сақтауға және көбейтуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялары бар инвесторлардың қосымша сегментін құрайды. Бұл сенімгерлік басқару нарығының дамуына ықпал етеді және тұрақты инвестициялауға қолайлы қаржы құралдарына қызығушылықты арттырады.