BANNER

Ермағанбет Бөлекпаев жол сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында ауқымды жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы биыл республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар мың шақырымнан астам трассаны жөндеу жоспарлануда. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бейінді ведомство басшыларынан кабинеттерде отырмауды, әр учаскеде жұмыстардың сапасын бақылауды талап етті.

Сондай-ақ, облыс әкімі жөндеуден кейін ауыр жүк таситын көліктер бұзатын жолдарға назар аударды. Ол тұрғындар тарапына айтылып жатқан шағымдарда негіз бар деп санайды.

– Біз бір қолымызбен жасаймыз, екінші қолымызбен бұзамыз! Бұған жол бермеу керек. Қалалар мен аудандардың әкімдері – бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіз, сіздерден сұраймын, – деп Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте қарамағындағыларға жүгінді. – Көлік және автомобиль жолдары басқармасы, кабинеттерде отырудың қажеті жоқ! Барлық қызметкерлер жолдарды араласын. Далада жұмыс жасаңыздар және көлік инспекциясы және полициямен бірге бақылаңыздар. Бұл жолдар мейлі республикалық, облыстық немесе қалалық болса да. Ол маңызды емес, барлығын тексеріңіздер. Оның барлығы бізге қарайды, біздің тұрғындар срл жолмен жүреді.

Өңір басшысы жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Ол барлық жол құрылысы жобалары мерзімінде және сапалы іске асырылуы тиіс екенін атап өтті.

Биыл 461 шақырым республикалық автожолдарды жөндеу жоспарланған. "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ облыстық филиалының өкілі Қазақстанның Даму Банкінің қарыздық қаржыландыруы бойынша трассалардың проблемалық учаскелерін Павлодар, сондай-ақ Нұра – Астана бағытында қабылдайтынын хабарлады. Оның айтуынша, қазір осы жобалар бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов облыстық маңызы бар 178 шақырым автожолда жөндеу жасалып жатқаны туралы баяндады.

Абай ауданында Жартас – Долинка жолының учаскесін қайта жаңарту жалғасуда. Ұзындығы 9 км Үштөбе – Құрылыс автожолының учаскесін қайта жаңарту басталды.

Ұзындығы 19 км Саран – Шахтинск автожолына күрделі жөндеу жалғасатын болады.

Қалалар мен аудандарда 393 шақырым автожол жөнделеді. Облыс орталығында жөндеу жұмыстармен 143 км қамтылған. Жол жабынының сапасы мен беріктігі үшін жаңа технологиялар мен материалдар пайдаланылады. Қарағандыда алғаш рет бутанал типіндегі арнайы полимер қолданылды, ол жоғары температурада асфальттың икемділігін айтарлықтай жақсартады.

Биыл облыста 32 асфальтбетон зауытына зерттеу жүргізілді.