BANNER

«Есірткі қолданған» — Алматыда полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады

Сурет: Polisia.kz

Алматыда есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікпен басқа жол-патрульдік машинасымен соқтығысты. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Egov.press Telegram арнасында 19 ақпанда есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікті басқарып келе жатып, Toyota маркалы басқа жол-патрульдік машинасына соғылғаны туралы ақпарат пайда болды.

«Наркологиялық сараптама қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың зәрінен «Мефедрон» химиялық есірткі заты табылды», — делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі алматылық полицейге қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан босатылды. Басқа бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл дерек ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында», — деп атап өтті ведомство өкілдері.