BANNER

Қарағанды қаласында арнайы құрбандық шалуға арналған орындар бекітілді

Pixaboy.com

Ұлық мерекеде Қарағанды қаласында арнайы құрбандық шалуға бекітілген орындар анықталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 
16-18 маусым - Құрбан айт мерекесі!
Олар арнайы мал сою пункттері: Резник көшесі, 18 («Абишева А. О.» ЖК), Гоголь көшесі, 2/23 («АРАЙ KZ» ЖШС) және С. Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ) мекенжайларында жабдықталған. Аталған орындар ветеринарлық қызметтің ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою пункттері.
ҚҰРБАН АЙТ – мұсылмандардың ұлық мерекесі құтты болсын!