Негмет Исмағұлов Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшы құрамына департаменттің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды. Исмағұлов Негмет Әуезханұлы – ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі басшылық қызметтер атқарған. Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған. Президенттің жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Сондай-ақ, Айдар Сайтбеков ІІМ-ге қарасты Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жаңа басшысын таныстырды. Әділов Санжар Әскенұлы ішкі істер органындағы қызметін 1999 жылы бастаған. ІІО-да басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2019 жылы ІІМ тергеу департаментінің бастығы, 2023 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының ПД басшысы лауазымында болған.