BANNER

Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша көшбасшылар үштігінде

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Электрондық сауда – экономикалық өсім драйверлерінің бірі. Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша елімізде үшінші орында. 2023 жылы электрондық сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 25%-ға өсім болады деп болжануда.

Электрондық сауданың дамуы туралы Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндалды.

– Интернет-ресурс арқылы халық тапсырыстарының саны 2,3 млн бірліктен асады, бұл Қазақстан бойынша барлық көлемнің 17,8% құрайды. Негізінен қарағандылықтар интернет арқылы электронды гаджеттер мен компьютерлер, косметикалық, медициналық және кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алады. Онлайн сауданы дамыту үшін қуаттылығы жылына 27 млн тапсырыс болатын, келешекте еліміз бойынша 8 мың жаңа жұмыс орнын ашатын бірегей Teez маркетплейс платформасының ашылуы жаңа сауда алаңына айналды, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Қазір Teez маркетплейсімен бүкіл ел бойынша 22 мың тауар сатушы ынтымақтастық құрған. Олардың қатарында ЖШС де, жеке кәсіпкерлер де бар.

– Біздің маркетплейс бірегей үлгісімен ерекшеленеді, мұнда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қарағандыда 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Маркетплейстің командасында бар-жоғы 800-ге жуық адам бар. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – дейді Teez маркетплейсінің қойма логистикасы басқармасының басшысы Антон Иванов.

Облыста электрондық сауда қызметтерін бірқатар компаниялар ұсынады. Өңірде интернет-тауарларды беретін 278 бекет жұмыс істейді.

Сондай-ақ «Сарыарқа» әуежайы базасында көлік-логистикалық хабты құру тағы бір ірі жоба болмақшы.

Мұнда кәсіпкерлер үшін тренингтер өткізіледі, онда олар өздерінің сандық сауаттылығын арттырып, жаңа дағдыларды ала алады.

– Біздің облыс еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы ретінде электрондық сауданы белсенді дамытуда, бұл жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол маркетплейстің ашылуы жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызатынын атап өтті. Бұл ресурсты отандық өнімдерді сату үшін пайдалану қажет, – деп атап өтті облыс әкімі.