Қарағанды облысында негізгі өзендер мен олардың салаларының қозғалысы басталды.
Облыс аумағының 60 пайызын қар алып жатыр.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мұрат Қатпанов Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аумақтарындағы Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналарын, сондай-ақ Ақтоғай ауданының төңірегін, және де Қарағанды шеті мен Федоровский су қоймасының жанындағы саяжайлар бойымен өтетін Соқыр өзенінің арнасын аралап көрді.
– Нұра өзенінің арнасын бойлай өте көп су ағады, бұлар негізінен бүйір ағындары. Нұраның жоғарғы ағысының өзінде су ағады, бірақ онша көп емес. Тау етегінде қар жамылғысы іс жүзінде тек кей жерлерде ғана бар, көп жағдайда қар еріп үлгерген, – деді Мұрат Қатпанов. – Шерубай-Нұра өзенінің жоғарғы ағысының аумағында, Ақтоғай мен Шет өңірлерінің шекараларының түйіскен жерінде қалың қар массиві жатыр. Ауа райы нөлден жоғары болса, жақын күндері белсенді су тасқыны басталуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы жалпы су тасқыны жағдайы бақылауда екенін баса айтты.
Облыста жедел штаб су тасқыны жағдайын тәулік бойы қадағалап отырады.
Барлық қызметтер жақсартылған жұмыс режиміне ауыстырылды.
Облыс тұрғындарын су басу қаупі мен еріген судың жиналуы туралы мына телефондар бойынша хабарлауын сұраймыз: (8-7212) 43-36-36, 43-37-37, 112.