BANNER

Қарағанды облысының ардагерлері шахмат сайысына қатысты

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысындағы ардагерлер арасындағы жыл сайынғы шахмат турниріне қалалық және аудандық жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Ойын Швейцария жүйесі бойынша өтті – жеті тур, уақытты бақылай отырып, әр қатысушыға 15 минут беріледі. 28 спортшы өзінің тапқырлығы мен білгірлігін тексерді.

Турнирді ұйымдастырушылар – облыстық ардагерлер кеңесі, "Ардагер-2012" ардагерлер шахмат клубы, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

– Біздің ақсақалдар жарыстарға белсенді қатысады. 2012 жылы "Ардагер" деген атаумен ардагерлер шахмат клубы құрылды, бүгінде бұл клубта бірнеше құрам бар. Жақында Қарағандыда шахмат бойынша Senat I Ашық кубоктың іріктеу туры өтті. Жартылай финалға үздік 25 ойыншы шықты, олардың арасында біздің ардагерлер де бар. Менің ойымша, шахмат ақыл-ой қабілеттерін дамытады, мидың қартаюына жол бермейді. Шынымды айтсам, бәріміз ойыннан үлкен ләззат аламыз, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Аман Жанғожин.

Қызу шайқастар барысында Хауия Білімхан (Қарағанды қ.) үздік атанды.

– Мен жас кезімнен айналысамын. Қазір шахматтан спорт шеберіне үміткермін. Мен балаларды жаттықтырамын. Қазір жастардың осы ойынға әуес болғаны қуантады. Шахмат өмірде көп көмектеседі: сыни ойлауды дамытады, талдауға, алдын ала ойлауға үйретеді, – дейді турнир жеңімпазы Хауия Білімхан.

Екінші орында – Сергей Могила (Абай қ.). Үшінші орында – Сергей Кулишкин (Теміртау қ.).

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен ақшалай сертификаттар алды, қалған қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады,

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша