Қарағандыда 1 қараша "Наурыз" және "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сертификаттарын алуға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.
Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген ардагерлер, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағында соғыс әрекеттерінің ардагерлері;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
тізімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
жасы бойынша зейнеткерлер;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандастар;
экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызмет, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;
толық емес отбасылар.
Мемлекеттік қызметке өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі (еgov.kz).
Қажетті құжаттар:
1. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.
2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама.
3. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.
Толығырақ ақпарат алу үшін және сұрақтармен мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды, Чкалов көшесі, 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін.