BANNER

Қарағандыда аязда сәбиін көшеге тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Сурет: pixabay.com

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Поицияның мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.