Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі өңірлік штаб жұмыс істей бастады

gov.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөнінде Қарағанды қаласында өңірлік штаб жұмысын бастайды.

Гуманитарлық көмек жинау пункті: Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы 64, мекенжайындағы Достық үйінің ғимаратында орналасқан.

Көмек ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін күн сайын (жексенбіден басқа) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы Гуманитарлық көмек жинау операторы болып анықталды.

Жинау пунктіне жіберілетін көмектің түрі мен санын штаб үйлестірушісі Татьяна Александровна Абрамовамен алдын ала келісу керек (тел.: 8-701-512-89-75).

Достық үйі өкілдерінің байланыс телефондары: 8-707-872-89-28,

8-775-921-19-20.