BANNER

Қарағандыда жылу беру маусымына дайындық қызу

Фото автордікі

Күні кеше маусым айының үшінші жұлдызында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, журналистика мамандығының студенттері Қарағанды жылу-электр орталығының тыныс-тіршілігімен толықтай танысып шықты. Мекеменің жыл ішінде жасалған жұмыс барысы айтылып, жұмыс орнындағы құрылғыларға шолу жасалды.  Көрген-білген ақпаратты қорыта, Қарағанды жылу-электр орталығы жайлы мәлімет бере өтсек.

   Жалпы Қарағанды жылу-электр орталығы – халыққа электр энергиясы мен жылу беру қызметін атқаратын станция. Ең алғаш рет 1960-64 жылдарда тұтынушыларға пайдалануға берілген болатын. Дегенмен, халықтың тек 15%-ын ғана жылумен қамтамасыз етіп, 36 мың кВт электр энергиясын берді. 1970 жылы қаңтар айында “ВНИПИ энергопром” институты Орта Азия бөлімшесінің жобасы негізінде 3-ЖЭО салына бастады. Қуатты және халыққа қажеті мол жылу станциясының құрылысы Қарағандының солтүстік-шығыс бөлігінде басталған еді. Жаңа электр орталықтарының салынуы Майқұдық аудандарындағы тұрғын үй секторларының, өнеркәсіп орталықтарының салынуымен, сондай-ақ қаланың ескі және жаңа бөліктеріндегі жылу қажеттілігін шешу үшін қолға алынған еді. Құрылысшылар мен энергетиктер қалаға энергия көзін тарту үшін 7 жыл жұмсаған. Көптен күткен Қарағанды ЖЭО-3 салтанатты түрде 1977 жылы қала халқын ондаған жылдар бойы үздіксіз жылумен және жарықпен қамтамасыз ету үшін өз қызметін бастады.

   2016 жылы Қарағанды жылу-электр орталығы Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесіне кіруімен өте маңызды оқиға ретінде сақталды. Бұл станцияда іске  озық, инновациялық технологиялар қолданылатын қазіргі дәуіргі жабдықтармен қамтамасыз етілген, жаңа энергоблок қосылды. Аталған  ЖЭО энергия өнімділігін 25% көтерді. Энергияның кеңейтілуі қаладағы тұрғын үй құрылысын ілгерілетуге, жаңа серпін беруге, сонымен қатар аймақтағы шағын және орта кәсіп  үшін жоғары деңгейдегі жағдайлар құруға жол ашты. Қазіргі күні, жаңа энергоблокты қоса есептегенде, Қарағанды ЖЭО-3 бекітілген қуаты 670 мегаватты құрайды.

life09

 Бүгінгі таңда ол серпін бәсеңдеген жоқ. Кестеге сәйкес №3, 4 ,6 учаскелердегі құбырларды тарту, №2, 3, 4 станцияларын электр желілерімен жабдықтау, ішкі сымдарды тарту жұмыстары жүргізілуде. №1 станцияның өз кезегінде жоспары мынадай:

  • Жылу құбырының осы жылы жүргізілуі керек ұзындығы 24 шақырым болса, қазірге дейінгі жасалған жұмыс 20,8 шақырымды құрап тұр;
  • 40 дана мамандандырылған техника қолданысқа берілді;
  • 8 инженер;
  • 71 жұмысшы;
  • 23 механизатор

life09

  Тамыз айында жылу желілері сынақтан өткізіледі. Осы жылдың қазан айының бірінші жұлдызында жылу магистралі халыққа пайдалануға беріледі.

    Қорытындылай келе, елдегі жылу мен жарық мәселесі өзекті тақырыптардың бірі һәм бірегейі. Елдің қамын жеген әрбір азаматқа айтар алғыс пен құрмет шексіз!

 

 

                                                                                                                                                                          Аружан ОСПАНОВА,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті филология факультетінің ІІ курс студенті.