BANNER

Қарағандылық дәрігерлер сирек кездесетін дамуында ақауы бар сәбиге ота жасады

ОСМС

Облыстық балалар клиникалық ауруханасының (ОБКА) мамандары өңешінің туа біткен аномалиясы бар балаға сәтті ота жасады.

Мұндай операциялар пациенттерге медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде де, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде де қолжетімді.
Өңеш атрезиясы-бұл өңештің жоғарғы және төменгі сегменттері бөлініп, соқыр түрде аяқталатын немесе трахеямен байланысатын ақау. Дәл осындай патологиямен 2022 жылы Темірлан сәби дүниеге келді.

«2022 жылы 18 желтоқсанда ұлым Теміртау қаласында дүниеге келді. Патологиямен туылды. Сол күні оны Пришахтинскіге алып кетті. Содан кейін дәрігерлер алдын ала диагноз қойып, кейін ол дииагноз расталды. Келесі күні оған ота жасалды. Операция сәтті өтті, дәрігерлер тез әрекет етті. Қазір ұлым 1 жас 7 айлық. Барлығы жақсы, ешқандай салдарсыз, өсіп, дамып келеді. Әлі де хирургтарға барып, қаралып тұрамыз», – дейді Рустам, науқастың әкесі.

Пришахтинск дәрігерлерң жағдайдың күрделілігін қадағалап, Облыстық балалар клиникалық ауруханасындағы әріптестерінен көмек сұрады. Баланың жағдайының ауырлығына байланысты оны бірден тасымалдау мүмкін болмады. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының неонатальды хирургтары келіп, сәбиге ота жасады.

«2017 жылы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасақ құрылды. Команда құрамында неонатальды хирургтар, хирургиялық көмекшілер, реаниматологтар, анестезиологтар және медбикелер болды. 2017 жылдан бастап аймақтарды аралап, жаңа туған нәрестелердің туа біткен ақауларына ота жасай бастадық. Бұл Темирланда өңеш атрезиясы бар. Нәрестедегі өңеш атрезиясы науқастың қысқа мерзімде өліміне әкелуі мүмкін, Минималды инвазивті хирургияның негізгі артықшылықтары-минималды жарақаттану және ашық хирургиялық араласу кезінде жақсы көрсеткішке қол жеткізу», - деп атап өтті директордың хирургия жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысының бас балалар және неонатальды хирургы Жанат Елубаев.

Хирургиялық түзету тиімді болды: отадан кейінгі 10-шы күні бала өз бетінше сорып ала алды. Қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
    
Хирургиялық әдістер қалпына келтіру кезеңін қысқартады және жаңа туған нәрестелердегі отадан кейінгі асқынулардың қаупін азайтады. Облыстық балалар клиникалық ауруханасы хирургтары жылына осындай 5-6 ота жасайды.