Каспий теңізінде бесінші рет жер сілкінді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі STAN.KZ-ке сілтеме жасап.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық барлау орталығы Каспий теңізінде бесінші рет жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.
Сейсмографтардың мәліметінше, 7 ақпан күні таңғы сағат 04:17 шамасында магнитудасы 3,1 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі орын алған жерден Ақтауға дейінгі қашықтық шамамен 326 шақырым. Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.