BANNER

Қазақстанда қай уақыттан бастап көліктің терезесін қараңғылауға рұқсат беріледі

Pixaboy.com

Мәжіліс депутаты Валентина Леонова Қазақстанда көліктердің алдыңғы әйнектерін қараңғылау бастамасын көтерді. Рұқсат алу туралы петицияға қазірдің өзінде мыңнан астам қол қойылған.

Биыл күзден бастап елімізде алдыңғы әйнектерін тонировкалауға салынған тыйым алынуы мүмкін. Белсенділер тиісті өтінішпен ішкі істер министрлігіне жүгінді. Депутаттар да бастаманы қолдауға дайын. Олар жаңашылдықтың оң нәтиже беретініне сенімді.

Мәжіліс депутаты Олжан Құспеков әйнегін қараңғылатқысы келгендер салық төлеуге міндеттелетінін айтты.

“Біз ең алдымен елдегі жағдайды, қауіпсіздік мәселелерін, тәуекелдерді зерделеуді ұсынып отырмыз. Егер тонировка алаңдаушылық тудырмаса, онда неге қайтармасқа? Десе де, қайтарғанның өзінде де белгілі шарты болады. Жүрзігуші салық төлейді, сәйкесінше ақша бюджетке түседі. Сіз оларды сандар арқылы немесе бір дерекқор арқылы бақылай аласыз. Жақын арада осы бастаманы қолға алып, ішкі істер министрімен мәселені талқылағымыз келеді.
Көлік жүргізушілері тонировкаға рұқсат сұрап үлгерген. Алайда олардың өтініштері қанағаттандырылмады. 

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ренат Асайыновтың айтуынша, алдыңғы терезелерді қараңғылау ақылы да, тегін де болмайды.

“Бұл қауіпсіздік туралы. Алдыңғы терезелердегі пленкалар жүргізушінің көрінуін, әсіресе, түнде нашарлатады. Тонировка жарықтың интерьерге енуін азайтады, көруді нашарлатады және бұл жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады. Көлік құралының алдыңғы бүйір терезелеріне мөлдір немесе түрлі-түсті пленкаларды жағу немесе желімдеу үшін әкімшілік жауапкершілік ретінде 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады”, – деді Ренат Асайынов.