BANNER

Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады

Сурет: pixabay.com

Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру шаралары басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады. Кездесу барысында бүгінде алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді", - делінген хабарламада.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын айтты.

"Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", - деді Бижанов.

Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакиннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар.