BANNER

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Сурет: pixabay.com

Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Осы айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және әз-Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады.

Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз - демалыс, 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.

Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21-24 наурыз - демалыс, 25 наурыз жұмыс күні.