BANNER

ҚазҰУ университетінде жас жігіт қайтыс болды

Сурет:Al-Farabi KazNU rektorat.jpg

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол субұрқақтың қасында тұрып аяқ-асты талып қалған. Шақырылған медицина қызметкерлері оның қаза болғанын анықтаған.

«Қаза болған азамат университет студенті емес. Көз жұмуына жүрегінің тоқтап қалуы себеп болды. Қазір оқиға болған орында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-  деді ЖОО баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиғаны анықтауға кірісіп кетті.

«Бұл факті бойынша тергеу басталды. Медициналық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады Алматы полиция департаменті.