Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыруға кірісті.
“Онда препараттардың сапасын бақылау шараларына басымдық беріледі”, - деді Әлназарова миристрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындары екі есеге артты. Алайда, 41 ауру түрі бойынша пациенттер тек 50%-ға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
“Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке қарай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді”, - деп атап өтті министр.